Көкшетауда келеңсіз жағдай орын алды. Наурызбай Батыр көшесінің бойындағы тұрғынүй маңында «Опель Вектра» көлігі өртеніп кетті. Бұл туралы «Қамшы» порталы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Күйген көліктің ішінен 1989 жылғы ер адамның мүрдесі табылды. Қазіргі кезде өрт себептері анықталуда.
Оставить комментарий