"Жалақысы көтерілді". Тоқаев twitter-де жазба жариялады

/image/2021/04/07/crop-51_14_511x681_201004101029706e.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді дүниежүзілік денсаулық күнімен құттықтады. Бұл туралы мемлекет басшысы twitter парақшасында жазды.

– Бүгін дүниежүзілік денсаулық күні. Қазіргідей қиын кезеңде денсаулық сақтау саласының тиімді жұмысы – адамзат өмірінде қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Пандемияның алғашқы күнінен бастап, медицина қызметкерлері адам өміріне араша түсіп, коронавирусқа қарсы күрестің алдыңғы шебінде жүр, – деп жазды Тоқаев.

Президенттің айтуынша, 2020 жылдан бастап медицина саласын қаржыландыру көбейген.

– Қолжетімді және сапалы медицина жүйесі – жалпыұлттық басымдық. 2020 жылдан бастап медицина саласын қаржыландыру 1,5 есеге көбейді. 2021 жылы 1 қаңтардан бастап, сала қызметкерлерінің жалақысы көтерілді. Азаматтардың денсаулығын қорғаудағы жанкешті еңбегі үшін дәрігерлерге ризашылығымды білдіремін, – деді ол. 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи