COVID-19. Бір тәулікте 20 адам қайтыс болды, 522 адамның жағдайы ауыр

/image/2021/04/08/crop-4_21_416x740_200608230504559e-750x498.jpg

Денсаулық сақтау министрлігі 6 сәуірде 2586 адамнан коронавирус анықталып, 15 адам қайтыс болғанын хабарлады. Сондай-ақ 100 науқастан пневмония табылып, 5 адам көз жұмған.

8 сәуірдегі мәлімет бойынша,  28 794 науқас короновирустан, 861 науқас пневмониядан емділіп жатыр. Олардың ішінде 10 828 пациент стационарда, 18 827 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандар арасында 522 адамның жағдайы ауыр, 151 пациенттің жағдайы өте ауыр, 87 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Коронавирустың таралуы бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола облыстары "қызыл" аймақта. Шымкент қаласы, Қызылорда, Павлодар облыстары "сары" аймақта. Қалған барлық өңір "жасыл" аймақта.

8 сәуірдегі жағдай бойынша 239 040 адам коронавирусқа қарсы вакцина салғызған.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи