Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус инфекциясының алдын алу үшін карантин шаралары туралы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.
Қаулыға сәйкес:
- 15 адамнан жоғары емес кезекші топтарды қоспағанда, барлық меншік нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысы тоқтатылады;
- балалардың ойын-сауық орталықтары, аттракциондар, ашық ауладағы батуттар, саябақтар мен алаңдардағы велосипедтер, электр самокаттарын жалға алу, жануарларға мінуге тыйым салынады;
- кинотеатр, театрлар жұмыс істемейді;
- қоғамдық көліктің жұмыс уақыты 23:00-ге дейін ұзартылады;
- 65 жастан асқан азаматтардың көшеге шығуы шектеледі;
- жерлеу рәсімдері жақын туыстардың қатысуымен 15 адамнан аспастан жүргізілуге тиіс;
- Халыққа қызмет көрсету орталықтарына алдын-ала жазылу бойынша бару керек. Жұмыс күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін, демалыс күндері 9:00-ден 15:00-ге дейін істейді;
- супермаркеттердің жұмыс кестесі 09:00-ден 22:00-ге дейін болады;
- ашық, жабық, азық-түлік және азық-түлік емес базарлар толымдылығы 30 пайыздан аспай, кіре берісте термометрия қойылып, жұмыс кестесі 10:00-ден 17:00-ге дейін істейді. Ал сенбі және жексенбі жұмыс істеуге тыйым салынады.
Осы қаулы 2021 жылғы 12 сәуір сағат 07:00-ден бастап күшіне енеді.
Оставить комментарий