1997 жылғы шілдеден бастап РФ Кемеров облысының басшысы болып келген 71 жастағы этникалық қазақ Аман Төлеев өзінің сайлаудағы рекордын жаңартты. Бұл туралы «Қамшы» порталы kaztimes.com сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Кемерово облысы сайлау комиссиясының деректеріне сәйкес өткен жексенбіде губернаторлық сайлауда ол 1,7 млн дауыс жинады, бұл дауыс беруге қатысушылардың 96,79 пайызы. Сондай-ақ өткен екі губернаторлық сайлауға қарағанда едәуір жоғары.
1997 жылы Аман Төлеевті сайлаушылар қолдауы 94,5 пайызды, 2001 жылы 93,5 пайызды құраған. Бұл губернаторлық мерзім ол үшін бесіншісі, үш рет сайлау арқылы, екі рет президенттік тағайындаумен болды. 13 қыркүйектегі сайлауда екінші орынды 1,72% дауыспен РЛДП-дан кандидат Алексей Диденко алды, үшіншіні 0,51% дауыспен РФКП-дан кандидат Виктор Шалманов, «Справедливая Россия»-дан кандидат Владимир Волчек 0,35%, «Патриоты России» үміткері Юрий Скворцов 0,3% дауыс жинады.
Нұрзат Тоғжан
«Қамшы» сілтейді
Оставить комментарий