Тоқаев twitter-де жазба жариялады

/image/2021/04/12/crop-97_0_565x754_02393bddbd2804f3b3092d75dea9efea_xl-3.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев twitter парақшасында ғылым саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

– Ғылым саласының қызметкерлерін бүгінгі кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Осы айтулы датаның аса көрнекті ғалым Қаныш Сәтбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келуінің мәні зор.

Перспективасы бар ғылыми зерттеулерді қолдау, ұлтымыздың зияткерлік әлеуетін арттыру – сөзсіз шешімін табуға тиісті стратегиялық міндет, – деді ол.

Сонымен қатар президент Қазақстан ғарыш технологиясын игеруге белсенді атсалыса беретінін жазды.

– Осыдан 60 жыл бұрын адамның ғарышты игеру дәуірі басталды. Юрий Гагариннің Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшуы – әлемдік ғылым дамуының жарқын көрінісі. Қазақстан халықаралық бағдарламаларға, ғарыш технологиясын игеруге белсенді атсалыса береді, – деп жазды президент Тоқаев.

Оставить комментарий

Связанные Статьи