Н.Нығматулин: Ораза айы – береке мен бірліктің және мейірімділіктің символы

/image/2021/04/13/crop-20_34_549x976_img-20210413-wa0000.jpg

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин жақсылықтың жаршысы атанған Рамазан айының басталуымен барша қазақстандықтарды құттықтады. 

«Барша мұсылман қауымын қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Айлардың сұлтаны саналатын Ораза айы - кең пейілдің, береке-бірліктің және ізгіліктің, ынтымақ пен мейрімділіктің көрінісі. Шарапаты мен шапағаты мол ай халықты жанашыр болуға, қайымдылық жасап, бір-біріне көмектесуге шақырады. Осы берекесі мен бірлігі жарасқан Рамазан айында жасаған игі амалдарыңыз, барлық дұға-тілектеріңіз және ықыласпен ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын,» - деді Нұрлан Нығматулин.

Сонымен қатар, мәжіліс төрағасы барлық қазақстандықтарды біріктіре түсетін осындай қасиетті айда әрбір азаматқа рухани күш-жігер, әрбір отбасына бақ-береке, амандық елімізге тыныштық және өркениет тіледі. 

Мәжілістің баспасөз қызметі

Оставить комментарий

Связанные Статьи