Алматы облысына блокбекет қойылғаны рас па?

/image/2021/04/13/crop-190_22_817x1090_47cb92ff-0562-49c6-a87a-e8d1fac49281.webp

Алматы облысының Көксу ауданына блокбекет қойылды. Бұл туралы polisia.kz сайты мәлімдеді.

– Көксу ауданында коронавирус инфекциясының таралуына байланысты ауылдық округтердің кіреберісінде блокбекеттер қойылды. Аудан ішінде қозғалысқа шектеу қойылмайды, тек басқа облыстардан өткізу пункттерінен өтетін адамдар бақылауға алынады, – деді аудандық полиция бөлімінің бастығы Рамиль Гимадиев.

12 сәуірдегі жағдай бойынша Көксу ауданында коронавирус инфекциясының 128 жағдайы тіркелген.

Блокбекеттердің жұмысына аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың мамандары жұмылдырылған. 

Қазір Алматы облысы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта тұр.

Оставить комментарий

Связанные Статьи