"Коронавирус, кет, кет кет". Марат Омаров Шымкентте той жасады

/image/2021/04/13/crop-14_113_743x991_785.jpg

"Коронавирус, кет, кет кет" әнінің авторы Марат Омаровтың Шымкентте той жасағаны анықталды. Бұл туралы Azattyq Ryhy сайты хабарлады. 

Сайт мәліметінше, әлеуметтік желілерде жарияланған той видеосы Шымкент қаласының "Караван" кафесінде түсірілген. Елімізде той-жиын жасауға тыйым салынғанына қарамастан, әнші Марат Омаров тойханада қызын ұзатқан. 

Шымкент қаласы әл-Фараби ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы оқиғаға қатысты пікір білдірді.

– Тәртіп бұзушыларға қатысты әкімшілік жаза қолдану үшін әкімдік пен полиция департаментіне хат жолданды, – деді департамент өкілдері. 

Видеода той конақтарының арасынан Марат Омаров, Сабина Алтынбекова және әнші Қайрат Түнтековты байқауға болады. 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи