Алматыдан Алакөлге аптасына 3 рет қатынайтын пойыз іске қосылмақ

/image/2021/04/15/crop-4_73_445x791_photo_92863.jpg

Үкіметте көктемгі дала жұмыстарын жүргізуді несиелендіру, туристік маусым қарсаңында Алакөл көлінің жағасына көліктердің қозғалысын қамтамасыз ету және бизнестің өзге де проблемалық мәселелерін талқыланды.

Жиын барысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан Алакөл бағытында пойыздар мен қосымша тіркеме вагондар санын көбейту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлім етті.

17 маусымынан бастап Алматы-Достық бағытында аптасына 3 рет жаңа жолаушылар пойызын шығару ұсынылды. Сондай-ақ, жазда Нұр-Сұлтан қаласынан қатынайтын жолаушылар пойыздарының қозғалыс мөлшері ұлғайтылмақ.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи