“Өте ауыр жағдайда жатыр”. Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы видео жариялады

/image/2021/04/16/crop-32_20_917x1223_4463b853-4250-4525-819c-988eeccbe433.jpeg

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов instagram парақшасында жұқпалы аурулар госпиталінен видео жариялады.

Оның айтуынша, “Асар” шағын ауданындағы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына коронавирус жұқтырған науқастар жатқызылады.

– Жансақтау бөлімінде көбі 40, 30 және 25 жастағы науқастар өте ауыр жағдайда жатыр, – деген Позилов халықты коронавирусқа қарсы вакцина салуға шақырды.

– Барлықтарыңыз өмірлеріңізді қауіп-қатерге тікпей, ертерек коронавирусқа қарсы вакцина салуға шақырамын. Қазіргі таңда Шымкент қаласындағы барлық емханаларда коронавирусқа қарсы “Спутник-V” вакцинациясы тегін салынып жатыр. Міндетті түрде вакцина салып алыңыздар, – деді ол видеода.

Оставить комментарий

Связанные Статьи