Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтуі мүмкін екені белгілі болды

/image/2021/04/19/crop-187_4_1196x1595_gennadij.jpg

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) жыл соңына қарай жапониялық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлады sports.kz сайты. 

Головкин мен Мурата өкілдері Жапонияда бірлескен жұдырықтасатыны туралы талқылағанын алдымен Dazn тілшісі Крис Мэнникс хабарлады. Оның айтуынша, кездесу желтоқсанда, яғни жаңа жыл қарсыңында болуы мүмкін.

Содан кейін Головкиннің промоутерлерінің бірі Эдди Хирн ақпаратты растады. Сондай-ақ Хирн бұл жекпе-жектің алдында Головкин орта салмақтағы әлем чемпионы америкалық Деметриус Андрадеге (30-0, 18 КО) қарсы кездесу өткізетініне сенім білдірді.

Оставить комментарий

Связанные Статьи