Қазақстанда жол апатынан қаза тапқандар саны артқан

/image/2021/04/19/crop-92_4_566x755_720.jpg

2021 жылдың үш айында елде 2 621 жол апаты болған. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, жол апаты салдарынан 363 адам қаза тауып, 3 605 адам жарақат алған. Биыл өткен жылмен салыстырғанда, қаза болғандар саны 11,7 пайызға өскен. 

– Жол апатының себептері жылдамдықты асыру, қарсы жолаққа шығу және жол қиылыстарынан өтумен байланысты. Бүгінгі таңда елімізде 4,3 млн көлік құралы пайдаланылуда. Әрбір жүргізуші рульге отырып, өзін барынша қауіпсіз сезінгісі келеді. Біздің міндетіміз – оны қамтамасыз ету, – деді әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи