“2 млн адамды вакциналау жоспарлануда”. Министр Цой мәлімдеме жасады

/image/2021/04/20/crop-14_10_732x976_f212461c-0a00-4a89-82e1-b64227c4508c.webp

Үкіметтің кеңейтілген отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемилогиялық жағдайға болжам жасады.

– Оптимистік сценарийге сай вакцинация кесте бойынша жалғасатын болса, сәуір айының соңында науқас саны тәулігіне 3 мыңға дейін тіркеледі. Ал реалистік сценарий кезінде вакциналау кестеге сай жүргенде мамыр айының ортасында тәулігіне вирус жұқтырғандар 4000 мың адамға дейін тіркелуі мүмкін деп болжануда, – деді Цой.

Оның айтуынша, вакцинация елдегі ахуалды тұрақтандырмайды, себебі иммунитеттің түзілуіне уақыт қажет.

– Қазіргі уақытта 188 мың вакцина дозасы бар. Вакцина кестеге сай кезең-кезеңмен жеткізіліп жатыр. Айдың аяғына дейін 2 млн адамды вакциналау жоспарланып отыр, – деді министр үкімет отырысында.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи