Теңге тағы құнсызданады

/uploads/thumbnail/20170708193847582_small.jpg

Бір доллардың құны 320 теңге болады. Бұл туралы  «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының кеңесшісі Денис Кривошеевтің  «Радиоточкаға» білдірген пікірін «Қамшы» порталы  хабарлайды.

Теңгенің долларға шаққандағы  шынайы психологиялық бағамы үкіметте 300 теңгені құрайды. Алайда нарық оның құнын қайта долларына 320 теңге етіп көтертеді. Бұл жағдай Ресейге сауда жасауға шығатын отандастарымыздың санын азайтады», – дейді Кривошеев.

Маман долларға лайықты бағам 380 теңге екенін мәлімдеген еді. Бірақ  ол бұл бағам мемлекетке  пайда әкелмейді дейді .

« Бір доллар 380 теңге болуы әбден мүмкін, алайда мұның еш қажеті жоқ. Бізде  өкінішке орай, тиімділікті арттыратын өндіруші күш жоқ. Импорттық тауарлар тұрғындарға қолжетімсіз болып қалса, отандық тауарлар тұрғындардың сұранысын толықтай қамтамасыз ете алмайды», – дейді кеңесші.

Оставить комментарий

Связанные Статьи