Қоғам белсенділері мен жер реформасы жөніндегі комиссияның кей мүшелері жерді Қазақстан азаматтарына да сатуға болмайды деген пікірде. Олар жер қазақстандықтарға сатылатын болса, оған ақшасы барлардың ғана қолы жетіп, мұның арты жерге иелік ететін алпауыттардың шығуына әкеліп соғатынын айтады. Сондай-ақ жерді қазақстандықтарға рәсімдеп, шетел азаматтары емін-еркін пайдалып отыруы мүмкін деген қатерді алға тартады.
Оставить комментарий