Қазақстанның бұрынғы қаржы министрі қайтыс болды

/image/2021/04/26/crop-62_6_516x688_210426130634a3780954d.jpg

Қазақстанның бұрынғы қаржы министрі Александр Бацула 96 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Бұл туралы қаржы министрлігінің ресми сайты хабарлады.

"Ол ұзақ жылдар еліміздің қаржы саласын басқарған. Қаржы министрлігінің ұжымы Бацула Александр Ефимовичтің отбасына қайғырып көңіл айтады" делінген хабарламада.

Сондай-ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Александр Ефимовичтің қазасына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Ол есепшіден Қазақ КСР-ның қаржы министріне дейінгі еңбек жолында жемісті қызмет атқарып, осы саланың дамуына сүбелі үлес қосты. Мен оны республиканың министрлер кеңесінде бірге жұмыс істеген кезімізден жақсы білуші едім.

Александр Ефимович жоғары кәсіби біліктілігімен, берік ұстанымдарымен, адами қасиеттерімен ерекшеленетін. Александр Бацуланың жарқын бейнесі оны білетін адамдардың жүрегінде әрдайым сақталады" делінген жеделхатта.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи