Ақмола облысында 12 жастағы бала із-түссіз жоғалып кетті

/image/2021/04/26/crop-11_11_794x1059_177913763_975537803211198_8311285684464982330_n.jpg
Көкшетаулық полицейлер 12 жасар баланы іздестіріп жатыр. Бұл туралы Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
 
"26 сәуірде сағат 14:21-де Көкшетау қаласы полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне 1984 жылғы ер адам қоңырау шалып, баласының жоғалып кеткені туралы хабарлады. Сағат 13.00-де оның 12 жастағы ұлы Кривоножко Сергей Александрович әпкесін №16 мектепке апаруға шығып, содан із-түссіз жоғалып кеткен" делінген хабарламада.
 
Бала қара трико, қара кроссовка, көк куртка және қара бас киім киген.
 
Полиция қызметкерлері баланың қайда екені туралы қандай да бір ақпарат бойынша "102" нөміріне дереу хабарлауды сұрайды.
 

Оставить комментарий

Связанные Статьи