Қазақстанның 10 өңірі коронавирустың "қызыл" аймағында тұр

/image/2021/04/27/crop-123_8_712x949_b200c0346a6ec3d2.jpeg

Қазақстанның 10 өңірі коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.

Коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстары "қызыл" аймақта тұр.

Шымкент қаласы, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай облыстары "сары" аймақта орналасқан.

Солтүстік Қазақстан мен Түркістан облыстары ғана "жасыл" аймақта.

Оставить комментарий

Связанные Статьи