Алексей Цойдың вакцинадан кейінгі жағдайы белгілі болды

/image/2021/04/27/crop-249_192_433x577_5ef499f752eeb.jpeg

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой отандық вакцинаны салдырғаннан кейін жағдайы бірқалыпты екенін айтты. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

– Вакцина салдырғаннан кейін бір күн өтті. Өзімді жақсы сезінемін. Кеше кешке екпе салған орын кішкене ауырды. Таңертең ешқандай да ауырсыну белгілері болған жоқ, – деді министр.

Еске сала кетейік, Алексей Цой 26 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының №9 емханасында коронавирусқа қарсы қазақстандық QazCovid-in (QAZVAC) вакцинасын салдырды.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи