Шымкентте үш жасар бала екінші қабаттан құлап кетті

/image/2021/04/27/crop-37_3_152x203_89.jpg

Шымкентте үш жасар бала екінші қабаттағы терезеден құлап кетті. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға әл-Фараби ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. 3 жасар қыз ата-анасының қарауынсыз қалған. Ауыр жарақаттанған ол қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген.

Қазіргі уақытта бүлдіршін қалалық балалар ауруханасында ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер бүлдіршіннің бас сүйегі сынып, жағдайы ауыр екенін мәлімдеді.

Оставить комментарий

Связанные Статьи