Қазақстанның қай өңірлері “қызыл” аймақтан шыққаны белгілі болды

/image/2021/04/30/crop-118_-5_718x957_9fcfb5a4-4ee4-42dd-ae81-239cb6de55d4.jpeg

Шымкент қаласы мен Ақтөбе облысы коронавирустың таралуы бойынша “қызыл” аймақтан шықты. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.

Коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстары "қызыл" аймақта.

Шымкент, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары "сары" аймақта орналасқан.

Ал "жасыл" аймақта – Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облысы.

Оставить комментарий

Связанные Статьи