Қазақстанда локдаун қандай жағдайда енгізіледі? Бұл сұраққа денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халық алдында есеп беру кездесуінде жауап берді.
– Қазіргі уақытта төтенше жағдай режимі қарастырылып жатқан жоқ. Бірақ заңнамаға сәйкес бұл ережені мемлекет басшысы енгізеді және мемлекеттік комиссияда қабылданады, – деді ол.
Министр күрделі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал нашарлап және ауруханалардағы төсек-орындар жүктемесі 70 пайыздан асқан кезде төтенше жағдай енгізілетінін айтты.
– Денсаулық сақтау жүйесіне аса жоғары жүктеме болғанда, қатаң шектеу іс-шараларын енгізу шешімі қабылданады, – деді Цой.
Оставить комментарий