Қазақстандық кәсіпкер Қырғыз президентінің кеңесшісі болып тағайындалды

/image/2021/05/04/crop-15_24_1063x1889_mycollages-1.jpg

Қырғыз республикасының президенті Садыр Жапаров Алмаз Ибрагимовты қоғамдық бастамалар бойынша өзінің кеңесшісі етіп тағайындады, деп хабарлады Қырғыз президентінің баспасөз қызметі.

Алмаз Ибрагимов – Қырғыз КСР, Ыстық-Көл облысының тумасы. 90 жылдары Қазақстанға келіп, металлургия саласында түрлі қызмет атқарған. 2001 жылы "Аллюминий Қазақстан" АҚ-ның президенті, 2005 жылы Қазақстан электролиз зауытының директоры атанды.

"Құрмет", "Отан", "Барыс" секілді орденьдермен, "Еңбек Даңқы" белгісімен марапатталған. Қазақстанның минералдық ресурс академиясының құрметті академигі, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеттің құрметті профессоры.

Оставить комментарий

Связанные Статьи