Денсаулық сақтау министрлігі елде бір тәулікте тағы 1966 адамнан коронавирус, 7 адамнан пневмония анықталғанын, 20 адам коронавирустан, 5 адам пневмониядан қайтыс болғанын хабарлады.
Осылайша, коронавирус пен пневмония бойынша ресми статистикаға сай, пандемия басталғалы індет жұқтырғандардың жалпы саны 400 мыңнан (346 497 коронавирус, 53 571 пневмония) асты. Осы уақыт аралығында 3948 адам коронавирустан, 837 адам пневмониядан көз жұмған.
11 мамырдағы мәлімет бойынша, 41 094 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде 15 068 пациент стационарда, 26 026 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Індетке шалдыққандардың арасында 802 адамның жағдайы ауыр, 186 пациенттің жағдайы өте ауыр, 105 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
11 мамырдағы мәлімет бойынша Қазақстанда 1 698 893 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырған.
Оставить комментарий