Ақтөбеде екі бала суға батып кетті

/image/2021/05/13/crop-10_3_581x774_85.jpg

Ақтөбе облысында ата-анасының қарауынсыз қалған екі бала суға батып қайтыс болды, деп хабарлады Мой город сайты.

Қайғылы жағдай 12 мамыр, түнде болған. 5 және 6 жастағы екі бала Ақтөбе маңындағы Бекқұл баба ауылындағы Жаман Қарғалы өзеніне батып кеткен.

Оқиға орнына құтқарушылар келгенше ауыл тұрғындары бес жастағы баланың денесін судан шығарып үлгерген. Түнгі он екі шамасында құтқарушылар жағадан 6 жастағы баланың денесін алып шықты. Алайда екі баланы да аман алып қалу мүмкін болмады.

Балалардың суға үлкендердің қарауынсыз түскені анықталды.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи