Облыстық ветеринария басқармасы малдың қырылуына гипотермия себеп болғанын айтқан.
Облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Ертай Батхолдин жалпы Шілікті ауылдық округінде 100-ге жуық ірі қара мен 110 бас қой-ешкі ауырғанын айтқан.
Жергілікті мамандар жаппай қырылуға қыс мезгілінен кейін малдың иммунитеті әлсіреп, күш-қуаты сарқылуы, 25-28 сәуір аралығында өңірде ауа температурасы төмендеп, жауын-шашын болуы себеп деген пікірде.
– Соның салдарынан әлсіреген жануарларда гипотермия пайда болып, жас жануарлардың жаппай қырылуына әкеп соқтырған. Қазіргі кезде өлекселерден патологиялық сынамалар алынып, облыстық зертханаға тапсырылды, – дейді Ертай Батхолдин.
Оставить комментарий