Ақтоты Райымқұлова қандай жағдайда отставкаға кететінін айтты

/image/2021/05/14/crop-59_9_407x542_41764b64b7924920dd3cb760a90f3296.jpg

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жемқорлық дауына іліккен бұрынғы орынбасары Сәкен Мұсайбековтың ісіне қатысты пікір білдірді. 

– Ең алдымен, Конституция сәйкес кінәсі дәлелденуі керек. Егер оның кінәсі дәлелденсе, әрине, мен заңға сәйкес отставкаға кету туралы өтініш жазамын. Кінәсі дәлелденген жағдайда, – деді министр орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте.

Еске сала кетейік, ақпанда мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков букмекерлік қызмет саласындағы заңды тұлғаның өкілдерінен пара алды деген айыппен ұсталған болатын.

 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи