Ерлан Қиясов карантин шараларын күшейту туралы қаулы жариялады

/image/2021/05/16/crop-103_11_764x1018_f3bf2445-472c-40ad-816b-fbc7c3022a90.jpeg

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов елде коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында карантин шаралары туралы қаулысына өзгерістер енгізді.

Қаулыға сәйкес, Қазақстанға келген және соңғы 14 күн ішінде Мальдив аралдарына барып келген адамдар 14 күнге үйде оқшауланады. Үй карантиніне оқшаулау ПТР әдісімен CОVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар Анықтаманың болуына және CОVID-19-ға қарсы вакцинациясының бар-жоғына қарамастан жүргізіледі.

Сондай-ақ соңғы 14 күн ішінде Мальдив аралдарына барып келген адамдар 14 күн бойы медициналық бақылаумен қамтамасыз етіледі.

Қаулы 17 мамыр сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Оставить комментарий

Связанные Статьи