Алматыда "Aport Mall" сауда үйі маңынан ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы kris_p_almaty instagram парақшасы хабарлады.
Мәйіт Райымбек даңғылындағы "Нұрлы дала" тұрғын үй кешенінің маңынан табылған. Дәрігерлер өлім бас миы жарақатының себебінен болғанын айтады. Марқұмның басын қатты затпен ұрды деген болжам бар. Оның 1972 жылы туған (М) есімді Алматы облысының тұрғыны екені белгілі болды.
Тергеу барысында марқұмның телефон, ақша сынды құнды заттары ұрланбағаны анықталды.
Алматы қаласының полиция департаменті аталған факт Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 1-бөлігі (адам өлтiру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату) бойынша тіркелгенін және оны Наурызбай ауданының полиция басқармасы тергеп жатқанын хабарлады.
Оставить комментарий