Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің ұсталғанын жоққа шығарды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Бұған дейін әлеуметтік желіде облыс әкімі орынбасарының пара алу күдігімен ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.
"Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мырзалиев Мейіржан Иябайұлы ресми түрде денсаулығына байланысты уақытша демалысқа шыққан. Ол "гипертониялық криз" диагнозымен облыстық ауруханалардың бірінде ем алуда. Артық түсініктемелерден аулақ болуды сұраймыз. Қосымша ақпарат кейінірек беріледі" делінген хабарламада.
Оставить комментарий