Алматыда белгісіз біреулер Назарбаев муралын өзгертіп тастады

/image/2021/05/19/crop-0_58_708x1259_qjpzfityxv-53yigmdz4qw.jpg

19 мамырда Алматыда белгісіз біреулер Назарбаев муралын өзгертіп, оған "Cancel" (қазақша - бас тарту) деп жазып және "Forever Young" (қазақша - мәңгі жас) сөзін бояп тастаған, деп жазады the-village-kz басылымы.

Сондай-ақ муралда #Qazaqkoktemi хештегі пайда болған.

Бұған дейін бұл жерде қайтыс болған америкалық рэпер XXXTentacion муралы тұрған. 4 мамырда оның орнына Нұрсұлтан Назарбаев муралы пайда болған.

Артынша Назарбаев суретіне әлдекімдер  "Elbasy" және "Forever young" жазуларын жазып кеткен еді. Мурал Алматыдағы Жароков пен Мыңбаев көшелері қиылысында салынған.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи