Алматыда Райымбек даңғылының төменгі жағындағы Жангелдин Пестковский көшелерінің қиылысында 208 бағытта қатынайтын автобус жаяу жүргіншіні қағып, салдарынан жолаушы қаза тапты, деп хабарлады chp_kz Instagram парақшасы.
Куәгерлердің айтуынша, № 208 автобус Жангелдин көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан. Автобус Пестковский көшесі қиылысындағы жаяу жүргіншілер өткеліне жақындағанда өткелден әйел өтіп бара жатады. Жүргізуші оны көріп, автобусты тоқтауға тырысқанымен, тежегішті басып үлгермей жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Нәтижесінде жолаушы алған жарақаттарынан жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін қайтыс болған.
Артынша, қазақ тапқан жолаушы 1975 жылы туған әйел екені анықталды. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасының себебін анықтауда.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оставить комментарий