Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкіметтің кеңейтілген отырысында эпидемиологиялық жағдайдың үш сценарийін атады.
– Пессимистік сценарий бойынша, вакцинаның тиімділігі 60%-дан төмен болған кезде, маусым-қыркүйекте шамамен қауіпті індетті жұқтырғандар 95 мыңға жуықтайды.
Реалистік сценарий бойынша, вакцинаның тиімділігі 80%-дан кем болмаса, маусым-қыркүйекте шамамен коронавирус жұқтыру фактісімен 69 мың адам тіркеледі.
Оптимистік сценарий бойынша, вакцинаның тиімділігі 95%-дан кем болмағанда, маусым-қыркүйекте 61 мыңға жуық адам індетке шалдығады деп болжанып отыр, – деді министр.
Алексей Цой аталған 3 сценарийдің бірінің жүзеге асырылуы вакцинация мәселесіндегі азаматтардың белсенділігіне тікелей байланысты екенін атап өтті.
Оставить комментарий