Әлеуметтік желіде мектеп оқушылары төбелесіп жатқан видео тарады. Видео Маңғыстау облысырда түсірілгені, екі мектеп оқушылары төбелесіп қалғаны белгілі болды.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, төбелес бүгін сағат шамамен 11:00-де Бейнеу ауылында болған. Ж.Қалдығараев атындағы және Ы.Алтынсарин атындағы мектеп оқушылары төбелесіп, оқиға орнында 7 адам ұсталған. Қазір олар полиция бөлімшесіне жеткізілді, жәбірленушілер жоқ.
Аталған іс қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша тіркеліп, тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Оставить комментарий