Коронавирустың "қызыл" аймағындағы өңірлер

/image/2021/05/27/crop-66_38_1777x2370_12345keychprsop.jpg

Қазақстанның 5 өңірі коронавирустың таралу деңгейі бойынша "қызыл" аймақта. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.

Коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Қарағанды облыстары "қызыл" аймақта тұр.

Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары "сары" аймақта орналасқан.

Ал "жасыл" аймақта – Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары.

эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы

Оставить комментарий

Связанные Статьи