Әшімбаев Тоқаевқа ұжымдастырудың қасіретті тарихын баяндайтын жинақ тапсырды

/image/2021/05/28/crop-17_6_378x673_kz3-0446_mediumthumb.jpg

Президент Қ.Тоқаев парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады.

Ақорда сайты кездесуде ел президентінің тапсырмаларын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелері қарастырылғанын мәлім етті.

Сенат төрағасы Қ.Тоқаевқа қабылданған бірқатар заңдар жөнінде, соның ішінде, республикалық бюджет туралы заңға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар, сайлау туралы заңға енгізілген түзетулер туралы айтқан.

"Жоғарғы палата квазимемлекеттік сектордағы сатып алуларды реттейтін заң қабылдады. Қазіргі уақытта әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту, Салық Кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу және басқа да заң жобалары депутаттардың қарауында жатыр.

Мәулен Әшімбаевтың мәліметі бойынша осы сессия басталғалы бері сенаторлар 12 заң жобасына бастамашы болды. Оның 3-ін парламент қабылдаса, 4-уі сенат пен мәжілістің қарауында. Тағы 5 заң жобасы депутаттардың бастамасымен әзірленіп жатыр.

Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген "Ашаршылық. Голод. 1928-1934. Деректі хроника" жинағын ұсынды. Аталған үш томдықта Қазақстандағы күштеп ұжымдастырудың қасіретті тарихын баяндайтын мыңнан астам архив құжаттары жинақталған"  делінген ақпараттық хабарламада.

Оставить комментарий

Связанные Статьи