Павлодарлық түлек ҰБТ-да ең жоғары балл жинады

/image/2021/06/07/crop-0_158_477x636_196900140_3641262729313641_5753114641349112541_n.jpg
Павлодарлық түлек Данияр Уалиев ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) тапсырғандардың арасында ең жоғары 140 баллды жинады. Бұл туралы білім және ғылым министрлігі жанындағы қоғамдық кеңестің мүшесі, "Білім-Инновация" қоғамдық қорының қызметкері Нұрбол Төлебаев facebook парақшасында хабарлады
 
– Сүйінші! Сүйінші! Оқушымыз ҰБТ-дан 140 алды. (Әзірге ресми ҰБТ-дан биылдыққа алғашқы 140). Қорымыз жариялаған соңғы үлгідегі MacBookPro М1 иеленген Уалиев Данияр Арманұлы – Павлодардағы ер балаларға арналған "Білім-Инновация" лицейінің 2020-2021 жылғы  түлегі, – деп жазды Төлебаев.
 
Оның айтуынша, Данияр Уалиев – "Алтын белгі" үміткері. Жүзуден спорт шеберіне үміткер, бірнеше мәрте ҚР чемпионы. Жалпыресейлік жарыстардың жүлдегері. Nur-Sultan Оpen халықаралық жарысының чемпионы.
Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи