Қазақстанның 2 өңірі коронавирустың "қызыл" аймағында тұр

/image/2021/06/08/crop-53_17_1777x2370_12345keychprsop.jpg

Қазақстанның 2 өңірі коронавирустың таралу деңгейі бойынша "қызыл" аймақта. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.

Коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы және Қарағанды облысы "қызыл" аймақта тұр.

Алматы қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстары "сары" аймақта орналасқан.

Ал "жасыл" аймақта – Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.

эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы

 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи