Путин Маминді Достық орденімен марапаттады

/image/2021/06/08/crop-80_12_1027x1369_112032824000.jpg

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминді "Достық" орденімен марапаттады. Бұл туралы жарлық құқықтық ақпараттың ресми интернет-порталында жарияланды, деп хабарлады TACC сайты.

Сайт мәліметінше, Ресей президенті Асқар Маминді ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастықты дамыту, Қазақстан мен Ресей халықтары арасындағы достықты нығайту мақсатында марапаттаған.

"Ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, халықтар арасындағы достықты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Ұзақбайұлы Мамин Достық орденімен марапатталсын" делінген құжатта.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи