Алишер Қайратұлы:

/uploads/thumbnail/20170708194320651_small.jpg

Жас тыңдармандардың назарына іліге  бастаған әнші  Алишер Қайратұлы «Қамшы» редакциясына ат басын бұрып еді. Оқырмандарға әншімен өрбіген әңгімемізді ұсынамыз.

-Алишер, Қайрат Нұртас пен бірлескен бейнебаяныңыз халық қошеметіне ие болды.  Қайрат Нұртаспен қалай селбестік жасадыңыздар?

- Бұл жоба осыдан екі жыл бұрын болған. Дуэт жазуға "Алматы түні" әні себепкер болды. Мен осы әнді Қайрат Нұртаспен орындауды жөн көрдім де, бұл әнді оған бірге шырқауға ниетті екенімді айттым. Бұл ән алғаш Қайрат ағаның ән кешінде орындалған болатын. «Алматы түні» әні менің өнерге келуімнің алғаш бастамасы, баспалдағы ретінде қалыптастырған ән болып қалды. Ол ән күз мезгілінде шыққанымен, таралымы, тыңдарманы көп болған соң, бейнебаянды жаз мезгілінде түсірдік. Бір қызығы, біз бейнебаянды түсіру барысында жаңбыр күн сайын жауып, кедергі келтіріп тұрды. Бірақ, бейнебаян өз деңгейімен сәтті шықты.

- Сөзіңізді Қайрат аға деп сабақтап отырсыз, сіз одан қанша жасқа кішісіз?

-Мен 1997 жылы 18 қаңтарда Талдықорған  қаласында  дүниеге келгенмін.

-Сізді студент деп естіп едім...

- Қазіргі таңда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де "Құқық" факультетінде білім алып жатырмын. Ал, өнер жағына келетін болсақ, би және вокал жағынан мамандардан сабақ алып жүрмін.

- Осы уақытқа дейін қандай жетістіктерге жеттіңіз?

- Осы уақытқа дейін кішігірім жетістіктерге еңбегімнің арқасында қол жеткізіп келемін, алда талай белестер бар соларды бағындырам деп ойлаймын.

- Ән кешін өткізіп көрдіңіз бе?

- Алматыда 3 рет концертіміді бердім. Отанымыздың қалаларын да аралауды бастаған болатынмын. Осы уақытқа дейін 50 шақты концертімді өткізіп үлгердім.

- Жас болсаңыз да, жетістігіңіз мол екен. Бірақ, жылт етіп шыққан жастардың барлығы ұлтқа еңбек етсе деген ниетіміз бар.  Сізде ұллтық мүдде бар ма? Әлде сахналық өнер иелерін, оның ішінде жас эстрадашыларды бұл мүдденің төңірігінен байқау мүмкін емес пе?

- Оның бәрі алдағы уақыт еншісініде, ұлт үшін жақсы материалдар, жоспарлар жасаймын,  барымды берем деп ойлаймын. Арық айтып семіз шық дейді ғой. Мен , мен деп кеудені керіп тастап, ертең күлкіге қалғым келмейді.

- Ренжімеңіз, бірақ, сіз өнер ортасында аса танымал емессіз. Бұл енді менің ойым ғой. Ал сіз қалай ойлайсыз, мүмкін мен қателесіп отырған болармын.

- Мен өзімді танымалдығым жайлы айта алмаймын. Халық бәрін өздері саралап,  өз қалауларын өздері  таңдайды.

- Өнер жолында алға қойған мақсатыңыз қандай?

- Өнер жолының  бастаған соң, соңына дейін жеткіземін. Жақсы бейнебаяндар мен жақсы әндеріммен қуантамын.

-  Отбасыңыз жайлы және де жеке өміріңіз хақында айтып кетсеңіз?

- Отбасымызда 6 жанбыз. Әкем, анам, ағам-Аркен, екіншісі - мен, одан кейін Абылай інім, сосын туғанына бір жас болған кішкентай қарындасым бар. Жеке басыма келетін болсам-басым бос.

- Кеше ғана әріптесіңіз Аша Матай үндінің стильінде қыз ғұмырымен қоштасқан кешін өткізген. Қазақы құндылығы жоқ басқаның салтын дәріптеген әншіні интернеттегі парақшасында тыңдармандары сынның астына алған болатын. Осындай ұлттық өнерді көмескілеудің көрінісіне сіздің айтарыңыз бар ма?

- Әр адамның жан қалауы бар. Бір жақты пікірмен көзқарас танытуға болмайтын шығар.

- Қазір демеушіңіз (продюссеріңіз) бар ма?

- Продюссерім жоқ. Демеуші деген ол қаржылық жағынан қолдау көрсететін адам. Ал менімен директор, пиар менеджер, админстратор сол қатарлы адамдар жұмыс жасайды. Қаржылай көмекті жобама қарай достарым  жасайды.

- "Шоу бизнес" деп жатамыз ол бөлек, "той бизнесіңіз" қалай? Табар табысыңыз қаншалық? Девальвация той бизнесіңізге әсерін беріп жатыр ма?

- Әрине, әр әншінің 80% табыс көзі тойдан келеді. Қазір девальвацияға байланысты бағаны түсірдік. Девальвация тек қана бізге емес, бағаның көтерілуі, азық-түліктің қымбаттауы - барша халыққа әсер етіп жатыр.

- Өнердегі үлгі тұтарыңыз кім?

- Қазақстанда "МузаАт" тобының әншісі Мейрамбек Беспаев сынды ел алқауына бөленген ағалардан үйренерім көп. Ал, шетелде ДЖастин Тимберлейк қатарлы әншілерді үлгі тұтамын.

- "Потому что, Шымкентский" фильмінде өз продюссерлік қырыңызбен танылған болатынсыз. Осы фильм туралы айытып кетсеңіз? Халық арасында фильмге сұраныс қандай болды?

- Менің әншілік қырымнан да, актерлік қырымнан да бөлек бұл фильм ең алғашқы жобам  болды. Менің осы фильмді түсірген командам жақсы болған соң да, бұл фильм жақсы нәтижемен шықты. Халық зор ілтипатымен қабылдады. Қаржы жағына келетін болсақ, серіктестіктің арқасында қаржылық жағынан көмек болды. Бірақ фильмге кеткен шығынның үш есесін фильм өзі қайтарып алды.

-  Сұхбаттасқаныңзға рақмет! Өнеріңізге шығармашылық табыс тілеймін!

-  Сізге де рахмет!

Сұхбаттасқан  Гүлден Әбдібақыт

Связанные Статьи