Маусым айында Алматыда коронавирустың таралуы екі есе азайған. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.
– 12 маусымнан бастап Алматы "жасыл" аймақта. Ай басынан бастап коронавирустық ауру 2 есе азайды. Өткен тәулікте КВИ ауруының 112 жағдайы тіркелді, күнделікті өсім 0,1% дейін төмендеді. Алматы қаласында эпидемия басталғалы КВИ-дің 71 820 жағдайы, ал осы жылдың басында 53 мыңнан астам жағдай тіркелді, – деді Бекшин.
Бас санитар дәрігер 19 маусымнан бастап қалада карантин шараларына байланысты жаңа қаулы күшіне енетінін ескертті. Құжатта бизнес өкілдері үшін бірқатар жеңілдіктер қарастырылған.
Оставить комментарий