Ақтөбе облысында үш адам жол апатынан көз жұмды. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады.
Қайғылы оқиға 21 маусым күні сағат 17:21 шамасында болған. Қарабұтақ-Қостанай автожолының 171 шақырымында Lifan автокөлігінің 57 жастағы жүргізушісі қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып MAN жүк автокөлігімен соқтығысқан.
Салдарынан Lifan автокөлігінің жүргізушісі, 41 және 62 жастағы екі жолаушы қайтыс болды.
Көлікте болған 52 жастағы әйел мен 48 жастағы ер адам Әйтеке би аудандық ауруханасына жеткізілген.
Оставить комментарий