Президент Қасым-Жомарт Тоқаев twitter парақшасында полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.
– Полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Қоғамымыз сіздерге жауапты міндет – заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді жүктеп отыр. Ішкі істер органдарының әрбір қызметкері әділ, ашық және адал болуы керек. Қиын да қатерлі қызметтеріңізге табыс тілеймін! – деп жазды президент Тоқаев.
1992 жылы 23 маусымда Қазақстан Республикасы жоғарғы кеңесі "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы" заң қабылдады.
Оставить комментарий