Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімшілігі вакцина салдырған аудан тұрғындары арасында ұтыс ойнын жариялады. Бұл туралы Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаева instagram парақшасында хабарлады.
"Құрметті Жетісу ауданының тұрғындары мен қонақтары! Біздің "вакцина ал – жүлде ал" науқанымыз жалғасын табуда! Екпенің бірінші компонентін салдырып, БАӘ-де екі адамның демалысына жолдама ұтып алу мүмкіндігіне ие болыңыз! Сертификатты өзіңізге қолайлы уақытта пайдалану мүмкіндігімен беріледі! Науқан 24 маусымда басталып, 11 шілдеге дейін жалғасады. Жеңімпаздарды тікелей эфирде анықтаймыз!" делінген Гүлнар Көкебаеваның жазбасында.
Президент Қ.Тоқаев кеше вакцинация қарқыны бәсеңсіп қалғаны туралы мәлімдеп, Қазақстанда үнді штаммы анықталғаннан кейін коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ұсынысы бойынша 20 адамнан артық адам жұмыс істейтін бар кез келген ұжым вакцина салдыруға міндеттелді. Вакцинациядан бас тартқан жағдайда 7 күн сайын қызметкер ақылы түрде ПТР-тест тапсыруға тиіс.
Оставить комментарий