Алматыда тағы бір адамнан "үнді штамы" анықталғаны белгілі болды

/image/2021/06/24/crop-80_57_3506x4674_pti16-03-2020_000173b-1584976421.jpg

Алматының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали қалада тағы бір адамнан "үнді штамы" анықталғанын хабарлады.

– Қазір бізде екі адам бар "Үнді штамын" жұқтырған. Бұл 1983 жылғы әйел мен 2013 жылғы бала. Олар жұқпалы аурулар ауруханасында. Басқа ауырғандар туралы ақпарат жоқ. Әзірге осы екеуі ауырып жатыр, – деді ол.

Бұған дейін Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустың "үнді штаммы" бір әйелден табылғанын мәлімдеген.  

Оставить комментарий

Связанные Статьи