Семей қаласына жаңа әкім тағайындалды

/image/2021/06/28/crop-52_8_515x687_210628105706984e.jpg

Семей қаласының әкімі болып Бақытжан Байахметов тағайындалды. Бұл туралы arnapress.kz сайты хабарлады.

Ол бұған дейін облыс әкімінің орынбасары лауазымында болған.

Бақытжан Кәкенқажыұлы 1970 жылдың 29 тамызында бұрынғы Семей облысы, Аягөз қаласында туған.

1992 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту ордені ауылшаруашылық институтын инженер-электрик мамандығы бойынша, 2008 жылы Алматы Орталық Азия университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1992-1999 жылдары "Алтайэнерго" мекемесінде Аягөз электр торабының инженері ретінде бастап, 1999-2000 жылдары жергілікті автоматикалық релелік қорғау қызметінің бастығы болып тағайындалады.

2010 жылдың қарашасынан Аягөз қаласының әкімі болып жұмыс істеді. 2014 жылдың желтоқсаны мен 2019 жылдың сәуірі аралығында Аягөз ауданын басқарды.

2019 жылдың 18 сәуірінен осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды.

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи