Синоптиктер 29 маусым мен 1 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстанда 42 градусқа дейін ыстық болады деп күтілуде.
"Қазақстанның көптеген өңірлерінде температуралық фон жоғарылайды деп күтілуде. Бұл Иран аудандарынан жылы және құрғақ ауа массаларының шығуына байланысты.
Тек республиканың батысында шілденің алғашқы күндері найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Бұл ауа температурасының төменеуіне ықпал етеді. Түнде 17-22 градусқа дейін, күндіз 27-35 градусқа дейін жылы болады.
Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы түнде 15-22, күндіз 30-38 градусқа дейін көтеріледі. Оңтүстік өңірлерде түнде ауа температурасы 20-25, күндіз 35-42 градус жылы болады" делінген хабарламада.
Бұған дейін Қазақстанның көптеген аймақтарында қатты ыстық салдарынан дауылды ескерту жарияланған болатын.
Оставить комментарий