Қостанай облысында жол апатынан кәмелетке толмаған 3 бала көз жұмды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.
Қайғылы оқиға "Қостанай-Қарабұтақ" автожолында болған. 36 жастағы әйел RENFULT-SANDERA автокөлігімен жүк көлігін басып озған кезде Lexus автокөлігімен соқтығысқан.
Салдарынан RENFULT-SANDERA автокөлігіндегі кәмелетке толмаған 3 бала қайтыс болды. Оның екеуі 14 жаста, біреуі 17 жаста.
Ал RENFULT-SANDERA автокөлігінің жүргізушісі мен 40 жастағы жолаушы дене жарақатын алды.
Қазір аталған іс бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы, 4-тармағы бойынша (Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан, жол қозғалысы ережелерін бұзу) сотқа дейінгі тергеу басталды.
Оставить комментарий