Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Әлия Әбдібайытова әлеуметтік желідегі парақшасында ғарышкер Талғат Мұсабаев былтыр қыста Триатлон паркінде аутизммен ауыратын баласына ұрсып, балағаттағанын айтты.
– Қыста Триатлон паркінде итпен қыдырып жүрген Әмірге ер адам агрессия көрсеткен. Ол үйге келген соң бейтаныс ер адам оған ұрсып, балағаттап, итеріп жібергенін айтты. Бұл жағдайға баланың қолындағы кішкентай ит себеп болған, – деді ол.
Айтуынша, ұлы Амир аутизммен ауыратындықтан ер адамға дұрыс жауап бере алмаған. Триатлон паркіне серуенге шыққан сайын ол бұл оқиғаны есіне алатынын айтты.
– Мен Әмірдің өтірік атпайтынын білемін. Бүгін құрбым Триатлон саябағында итпен жүрген қызға қатысты осы адамның қатысуымен болған оқиға жазылған мақаланы жіберді. Мен Әмірге осы адамның суретін көрсеттім, ол дәл сол қыста өзін боқтап, итеріп жіберген адам осы екенін айтты, – деді Әлия Әбдібайытова.
Бұған дейін 25 маусым күні Алина Нұртас әлеуметтік желідегі парақшасында саябақта хаски тұқымдас итімен серуендеп жүргенде Талғат Мұсабаев өзіне қол көтергенін айтқан болатын. Ал Т. Мұсабаев қыздың таққан айыбын жоққа шығарды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оставить комментарий